1 1029 3

Бөбекжайымызда "КҮЗ - СЫЙЫ" атты табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі өтті. Бұл шара табиғатпен танысу, қоршаған орта туралы білімдерін жинақтау, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар ата-аналарды балабақшадағы тәрбие үрдісіне тарту мақсатында өткізілді. Шараға ата-аналар белсене қатысты, балаларымен бірге табиғи материалдардан ерекше әдемі, ерекше қызықты қолөнер жасады. Осылай ата-аналардың бөбекжай өміріне белсенді қатысуы, олардың үйдегі бірлескен шығармашылық қарым-қатынасы, барлық отбасы мүшелерін біріктіреді, бір-біріне жақын адамдар бір-бірін жақсы көретін, түсінетін және бағалайтын отбасында жақсы қарым-қатынас қалыптасуына ықпал етеді. Баласымен шағармашылық жұмыс жасап, көрмеге қатысқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!


 

image 25 07 22 10 55

«Балалар жылы - 2022» орай балабақшамызда «Балабақша - қуаныш үйі» атты интеллектуалдық ойындар сайысы өтті. Сайысқа ата-аналар балаларымен бірге қатысты. Әр түрлі интеллектуалдық ойындар ойнау, логикалық тапсырмарды шешу арқылы өткен сайыс өте қызықты әрі тартымды өтті. 

Ата-аналарымыз осы уақытқа дейін балабақшада ұйымдастырылып жүрген әр түрлі спорттық жарыстарда бақ сынап жүрсе, бүгін өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін көрсете білді. Балаларға да өз ата-аналарымен бірге қатысқан интеллектуалдық ойындар сайысы оң әсер берді.

image 18 05 22 09 18 1

Амал мерекесіне орай балабақшамызда Аналар сайысы ұйымдастырылып. өте жоғары дəрежеде өткізілді. Балабақша бүлдіршіні мен анасы өздерін таныстырып, өз өнерлерін көрсетіп шеберлік таныта білді. Сонымен қатар олар өздерін мақалаға да жетік екендерін көрсетіп қана қоймай, өз қолдарымен дайындап келген тағамдарын ұсынды. Əрбір қатысушы белгілі сыйлықтар алып, марапатталды.

image 18 06 21 06 34 1 1

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында балабақшамыздың тәрбиеленушілерінің әкелерімен бірге Халықаралық әкелер күні мерекесі аталып өтті. Біздің балабақшаның барлық топтарында осы мерекеге арналған іс-шара өтті: спорттық шаралар, фотоконкурстар және қолөнер. Мерекелік шараға 100-ден астам бала және олардың ата-аналары қатысты.

attachment 2

Балабақшамызда сәуір айының әр сенбісінде сенбіліктер өтті. Сенбілікке балабақша қызметкерлері мен ата-аналары өз үлестерін қосты. Балабақша аумағына шамамен 150-дей жасыл көшеттер отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Әр топтың тәрбиешілері және кіші қызметкерлері мен ата-аналары бірлесіп, ойын алаңдарында өз қолдарымен гүлзарлар жасақтады. Ойын алаңдарын жаңадан сырлады. Ата-аналарымыз сенбілікке ұйымшылдықпен қатысып, балабақшамыз одан әрі көркейе түсті.

image 26 12 21 08 50 2

25.12.2021 ж. балабақшамызда ZOOM платформасында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Балабақша директоры М.Т. Нурмуханова жалпы ата-аналар жиналысын алғы сөзбен бастады. Ата-аналарға балабақша туралы мәлімет беріп, жиналыстың күн тәртібімен таныстырып өтті.

1. Бірінші сұрақ бойынша балалардың оқыту-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмысының қорытындысы бойынша айтып өтті. (слайд-презентация)

2021-2022 оқу жылында жылдық жоспар құрылып, перспективтік жоспар бекітіліп және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатынын, стандартқа сәйкес оқу қызметінің кестесі бекітіліп, жылдық жоспарға сәйкес педагогикалық кеңес, семинарлар, педагогтарға арналған кеңестер жүргізілетінін және тәрбиенушілермен педагогтардың жеткен жетістіктері туралы айтып өтті. 

2. Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша биылғы оқу жылында балабақша бюджетінің орындалуы және қаражаттың жұмсалуы бойынша есебімен тоқталып өтті. Есеп барысында білім мекемесінің қаржылық іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. Сонымен қатар балабақша директорының бұйрығымен биыл балабақшада Комплаенс қызметі құрылғанын, Комплаенс қызметін атқару әдіскер Ж.К. Баймухановаға жүктелгенін айтып өтті. Қызметтің негізгі мақсаты Комплаенс бағдарламасын ендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі саясатты айқындау, сондай-ақ балабақшадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша іс-шаралардың іске асырылуына бақылау жасау болып табылады.

Жалпы ата –аналар жиналысының соныңда әкімшілікке ата-аналар тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, мәселелер толық қарастырылды.