ak sad 1

Жаңа 2022-2023 оқу жылында бөбекжайда сенсорлық бөлме ашылды.

Сенсорлық бөлме балалардың дамуына, "әлем бейнесін" қалыптастыруға арналған. Сабақтар белсенді ынталандыруды релаксациямен ауыстыра отырып, ойын түрінде өтеді. Сенсорлық бөлме шарлары бар құрғақ бассейнмен, ауа көпіршігі бағандарымен, сенсорлық интерактивті панельдермен, дыбыстық жабдықтармен, денсаулық жолдарымен жабдықталған.

image 04 08 22 03 23 1 1

«Табиғат – тіршілік көзі» екені баршамызға аян. Балаларға өз өлкесінің табиғатын таныту, сол табиғатты аялауға сәби кезінен үйрету мақсатында балабақша экологиялық тәрбие беру бағытын ұстанып келеді. Бұл бағыттың бірінші белгісі – ауладағы табиғатымыз. 

Бірлік пен тірліктің арқасында балабақша ауласының көгалданып жайқалуы, әр түрлі ағаштар мен гүлдердің өсірілуіне ат салысқан тәрбиешілер мен ата-аналарымызға алғыс айтамыз. 

Балалар тәрбиешілерімен бірге еккен дәндерден шыққан өнімді көргенде қуаныштарында шек болмады. Себебі көктемде дәндерді егіп, әр серуенге шыққан сайын оларға су құйып, баптап келеді.

Осылай қоршаған ортамен таныстыру арқылы балалардың ақыл-ойын дамытумен қатар табиғатқа деген қамқорлығын арттырып келеміз.

IMG 3706

Біз балабақшадағы балаларға арналған жиһаздың кеңістігі мен эргономикасына талдау жасадық. Балабақша балаларына арналған жабдықты таңдау кезінде баланың жайлылығы мен қауіпсіздігі ескерілді. Мектепке дейінгі мекеменің дизайны кеңістікті барынша пайдалануды қамтамасыз ететін етіп жасалған. Балалар ортасы үшін қолданылатын жиһаз балалардың әр жас санатына сәйкес келеді.

 image 06 09 21 07 50 1

Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2021-2022 оқу жылының басында бүлдіршіндерге тамаша тарту жасалды. «North Caspian Operating Company» компаниясы демеушілік бағдарламасы негізінде балабақшамыздың ауласындағы балаларға арналған ойын алаңдарын жаңа құралдармен жабдықтап берді. Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған мерекелік шара басында «North Caspian Operating Company» компаниясының Ақтау қаласындағы офисінің басшысы Арман Жанахмет пен балабақша директоры Нурмуханова Мереке Турсыновна жаңа ойын алаңдарының лентасын қиды. Бұдан былай балалар осы ойын алаңдарында асыр салып ойнайтын болады. Мерекелік шара әрі қарай балалардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.