image 06 09 21 07 50 1

Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2021-2022 оқу жылының басында бүлдіршіндерге тамаша тарту жасалды. «North Caspian Operating Company» компаниясы демеушілік бағдарламасы негізінде балабақшамыздың ауласындағы балаларға арналған ойын алаңдарын жаңа құралдармен жабдықтап берді. Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған мерекелік шара басында «North Caspian Operating Company» компаниясының Ақтау қаласындағы офисінің басшысы Арман Жанахмет пен балабақша директоры Нурмуханова Мереке Турсыновна жаңа ойын алаңдарының лентасын қиды. Бұдан былай балалар осы ойын алаңдарында асыр салып ойнайтын болады. Мерекелік шара әрі қарай балалардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.