1 12 6

13.12.2022 ж. бөбекжайымызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» тақырыбында ересек және мектепке даярлық топтары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Басты мақсат – өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпыазаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту, сондай-ақ талапты бүлдіршіндердің суретшілік өнерін дамытуға және көпшілікке насихаттауға бағытталған болатын. 

1 1023 1

Бөбекжайымыздың жылдық жоспарына сәйкес барлық топта «Алтын күз» мерекелік ертеңгіліктері өтті. Әсем безендірілген сахна, арнайы келген алтын күз ханшайымы бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бүлдіршіндер күз мезгілінде болатын құбылыстарды, ерекшеліктерді ән-жырмен, тақпақтармен, бимен жеткізді. Балалар ертеңгілік бойы өздерін ертегідегідей сезініп, әсерлі көңіл-күйде болды

2 0010011221

Республика күніне арналған іс-шара жоспарына сәйкес бөбекжайымыздың мектепалды даярлық топ балалары мемлекеттік гимнді орындады.

aug 0 1

«Балалар жылы - 2022» аясында ағымдағы жылдың 4 тамызында Ақтау қаласы әкімдігі мен Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйыдастыруымен бөбекжайымызда «Көңілді старт» спорттық іс-шарасы өтті.

image 25 07 22 03 07

Жаз - бұл балалар үшін көңілді демалыс уақыты. Жазғы кезеңнің ең танымал мерекелерінің бірі - "Нептун күні". Бұл мереке балаларға да, ересектерге де жақсы таныс.

Біздің балабақшада 29 маусымда "Нептун күні" мерекесі өткізілді. Сценарий бойынша Нептун теңіз шайтандары өзіне алып кеткен Перизатты іздейді. Су перісі Нептун мерекесіне орай балаларға арнайы салынған жаңа субұрқақтың кілті болды, егер балалар Перизатты босатуға көмектессе, субұрқақтың кілтін табыстайтынын айтты. Мерекеге барлық балалар қатысты, олар теңіз патшасының тапсырмаларын орындады. Арнайы ұйымдастырылған өте қызықты ойындар:" Сулы қолдар"," Теңіз бір рет толқып тұр..." және су тақырыбындағы "Үйректерді құтқарамыз","Су ішейік","Өзенді кім тез толтырады","Су пейнтболы" байқаулар мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға және балалардың жағымды эмоцияларын көрсетуге ықпал етті. Мектеп жасына дейінгі балалар нәтижеге қол жеткізуде батылдық, ізгілік, табандылық танытуға мүмкіндік алды. Барлық ойындар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып таңдалды.

Балалар риза болды және теңіз патшасы Нептунмен келесі кездесуді асыға күтеді. Мереке көңілді өтті! Барлық балалар мерекеден көптеген әсер алды.

IMG 9037

3 маусым күні балабақшамызда мемлекеттік рәміздер күніне орай "Мемлекеттік рәміздер -ұлттық мақтанышымыз"- тақырыбында мерекелік шара өтті. Барлық балалар бір мезгілде Мемлекеттік Гимнді орындады. Мерекеде балалар Рәміздер туралы тақпақтар айтып, патриоттық әндер орындап, ұлттық би биледі.

PHOTO 2022 05 27 23 13 49

Осы аптада балабақшамыздың мектепке даярлық топтарында балабақшамен қоштасу ертеңгіліктері өтті. Шара барысында түлектеріміз сахна төрінде балабақшадан алған әсерлерімен бөлісіп, актерлік шеберліктерін, ән мен би өнерінде жеткен жетістіктерін паш етіп, соңғы үш жыл ішінде оқу қызметтер үстінде қаншама пайдалы ілім жинағандарын көрсетті.

Балабақща бүлдіршіндері Наурыз мерекесін Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында тойлауда.


Балабақща бүлдіршіндері Тәуелсіздік мерекесін тойлауда


33

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Елорда күніне арналған «Мақтанышым - Елордам» тақырыбында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілері арасында өткен ән байқауының облыстық кезеңінде балабақшамыздың тәрбиеленушісі Мәди Раян жүлделі 3 орынды иеленді. Жетекшісі - музыка пәні мұғалімі Шарланова Анар Каримовна.