Жаз - бұл балалар үшін көңілді демалыс уақыты. Жазғы кезеңнің ең танымал мерекелерінің бірі - "Нептун күні". Бұл мереке балаларға да, ересектерге де жақсы таныс.
Біздің балабақшада 29 маусымда "Нептун күні" мерекесі өткізілді. Сценарий бойынша Нептун теңіз шайтандары өзіне алып кеткен Перизатты іздейді. Су перісі Нептун мерекесіне орай балаларға арнайы салынған жаңа субұрқақтың кілті болды, егер балалар Перизатты босатуға көмектессе, субұрқақтың кілтін табыстайтынын айтты. Мерекеге барлық балалар қатысты, олар теңіз патшасының тапсырмаларын орындады. Арнайы ұйымдастырылған өте қызықты ойындар:" Сулы қолдар"," Теңіз бір рет толқып тұр..." және су тақырыбындағы "Үйректерді құтқарамыз","Су ішейік","Өзенді кім тез толтырады","Су пейнтболы" байқаулар мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға және балалардың жағымды эмоцияларын көрсетуге ықпал етті. Мектеп жасына дейінгі балалар нәтижеге қол жеткізуде батылдық, ізгілік, табандылық танытуға мүмкіндік алды. Барлық ойындар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып таңдалды.
Балалар риза болды және теңіз патшасы Нептунмен келесі кездесуді асыға күтеді. Мереке көңілді өтті! Барлық балалар мерекеден көптеген әсер алды.
https://sad4aktau.edu.kz/kk/zdi-me-tep-e-dejingi-jym-2022/mere-eler-zhane-jyn-s-uyk/neptun-k-n.html#sigProId40956a4937