08.11.2022 ж. күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоспарына сәйкес бөбекжайымызда «Инновациялық технологиялар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті. Бұл шараға қаламыздың мектепке дейінгі ұйымдарынан 32 педагог қатысты.

image 25 07 22 10 57 6

Балабақшаның жазғы сауықтыру жоспарына сәйкес осы аптада топ балалары тәрбиешілерімен бірге “Балалық шақ еліне саяхат” тақырыбында ертегілерді сахналады:

1 топ “Балапан” - Ақылды балапан

3 топ “Балдырған” - Репка

4 топ “Балбұлақ” - Мақтақыз бен мысық

7 топ “Еркетай” - Телефон

8 топ “Ақбота” - Теремок

9 топ “Құлыншақ” - Волк и семеро козлят.

Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ертегінің маңызы зор екендігін бәрімізге мәлім. Сахналық қойымдар арқылы ертегі мазмұнын баланың санасына сіңіру, түсіндіру, шығармашылықпен әрекет ету мақсатында ұйымдастырылған бұл шара өз деңгейінде өтті.

2022 05 20 12 04 10

Балабақшадағы эксперимент-бұл мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған тиімді әрекет. Мектеп жасына дейінгі баланы эксперименттік іс-әрекетке қызықтыру керек, сондықтан барлық тәжірибелер мен эксперименттер ойын түрінде өткізілуі керек. Егер баланың қызығушылығы болса, онда ол көп ақпаратты есте сақтай отырып, білімді оңай және табиғи түрде үйренеді.

image 18 05 22 08 50 1

Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б. көптеген ерекшеліктері болады.

image 18 05 22 08 52 1

Қазіргі балалар жаңа ақпараттық кеңістікте өмір сүреді. Ақпараттық қоғамдағы өмірге психологиялық дайындық, бастапқы компьютерлік сауаттылық қазір әр адамға қажет. Осы заманауи талаптарды ескере отырып, біздің балабақшада информатика оқу қызметіне арналған компьютерлік сынып жабдықталған.

image 17 03 22 07 56

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Шымырлық пен шеберлік күні» тақырыбында өткен қалалық «Ханталапай» ұлттық ойын байқауында балабақшамыздың №4 МАД тобының балалары жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Жетекшісі Шадкам Фереште Абдолсаттарқызына, әдіскер Орунбай Илия Исағалықызына және музыка жетекшісі Шарланова Анар Каримовнаға алғыс білдіреміз!

image 18 02 22 10 42 4

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында балабақшамызда «Эксперименттік іс-әрекет арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында қашықтықтан қалалық вебинар өткізілді.

Қалалық вебинарда Нагдалиева Татьяна Кузьминична ортаңғы топта «Любите природу», Кушмагамбетова Бибигул Исембаевна ересек топта «Маңғыстау табиғаты», Тлепбергенова Айнұр Жақсылыққызы «Опыты с молоком» тақырыптарында қоршаған ортамен танысу оқу қызметтерін көрсетті.