08.11.2022 ж. күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоспарына сәйкес бөбекжайымызда «Инновациялық технологиялар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті. Бұл шараға қаламыздың мектепке дейінгі ұйымдарынан 32 педагог қатысты.

Семинарда №4 «Балбұлақ» МАД тобында тәрбиешілер Кушмагамбетова Б.И., Калимбетова И.Т., бейнелеу маманы Зинеденова Ә.С. заттық-дамытушы орталықтар арқылы «Күзгі бақша» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетін және №8 «Ақ бота» МАД тобында музыка жетекшісі Шарланова А.К., информатика маманы Ержанова Ш.А. орф-педагогика әдісімен «Осенний джаз» тақырыбында музыкадан ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. Соңында бөбекжай директоры Нурмуханова М.Т. педагогтерге арналған «Мнемотехника әдісімен ойындар ұйымдастыру» тақырыбында тренинг өткізді. Пікір алмасу кезеңінде қатысушылар семинарға оң баға беріп, жылы лебіздерін білдірді.