PHOTO 2022 05 27 23 13 49

Осы аптада балабақшамыздың мектепке даярлық топтарында балабақшамен қоштасу ертеңгіліктері өтті. Шара барысында түлектеріміз сахна төрінде балабақшадан алған әсерлерімен бөлісіп, актерлік шеберліктерін, ән мен би өнерінде жеткен жетістіктерін паш етіп, соңғы үш жыл ішінде оқу қызметтер үстінде қаншама пайдалы ілім жинағандарын көрсетті.

Бұл салтанатты рәсім қуаныш пен гармонияға толды. Оған балақайлар, соның ішінде түлектерге қош бол айтуға келген төменгі топ шәкірттері ұсынған көңіл жібітерлік тақпақтар септік етті. Ұстаздар қауымы әрбір балаға диплом мен виньетка табыстады.

Түлектердің табыстарын тілге тиек еткен ата-анамыз: «Бұрынғы ертеңгіліктердің ескі кадрларын қарастыра отырып, біз балаларымыздың алғашқы күндерін еске алудамыз, сөйте отырып олардың қаншалықты өзгергендерін байқап отырмыз. Сондықтан барлық ата-аналар тәрбиешілерге алғыстарын білдіргісі келетіндерін білемін. Барлығының атынан рақмет айтуға рұқсат етіңіздер. Үлкен рақмет!», – деп қайырды.