13.12.2022 ж. бөбекжайымызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» тақырыбында ересек және мектепке даярлық топтары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Басты мақсат – өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпыазаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту, сондай-ақ талапты бүлдіршіндердің суретшілік өнерін дамытуға және көпшілікке насихаттауға бағытталған болатын.
Әрбір сурет ерекше, мағыналы және зор ынтамен салынған. Ұсынылған жұмыстардан таңдап алынған тақырыпқа жеке көзқарастарды көруге болады. Бұл байқау балалардың арманы мен қиялының шексіз әлем екендігін танытқаны даусыз. Олардың жұмыстарындағы тәуелсіздік тақырыбы сан қырынан салынған.
«Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» тақырыбында ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы шығарылып, балаларға грамоталар берілді.
https://sad4aktau.edu.kz/kk/zdi-me-tep-e-dejingi-jym-2022/mere-eler-zhane-jyn-s-uyk/t-uels-zd-kt-syrly-boyaulary-suret-baj-auy.html#sigProId7822712ba3