image 06 03 22 08 54 37

Ағымдағы жылдың 1-5 наурыз аралығында біздің балабақшамызда аналар күніне арналған мерекелік шара барлық топтарда аталып өтті. Әдемі әндер,көңілді билер,қызықты ойындар арқылы балалар өздерінің аналарына,әжелеріне деген махаббаттарын көңілдерін жеткізді. Өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын аналарына табыс етті. Көктем мерекесі өзімен бірге керемет көңіл-күйін, әйел бақытын ала келді. Бұл күнді барлығымыз балалар үшінде, ата-аналар үшінде ерекше әрі көңілді өткізуге тырыстық. Балалар мерекеге келгендерге көктемнің жылы шуақтарымен бірге жақсы көңіл-күй сыйлады. Мерекеге арналған ертеңгіліктер жоғарғы деңгейде өтіп, балабақша директоры Нурмуханова Мереке Турсыновна және ата-аналар осы ертеңгілікті дайындаған музыка жетекшісі Шарланова Анар Каримовнаға және тәрбиешілерге алғыстарын білдірді.