Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Наурыз мерекесі біздің балабақшамызда да аталып өтті. Әр топ өзінің дайындаған бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар әр топта дастарқан жайылып, ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. Балалар дастарқанның басты асы наурыз көжеден дәм татып, үлкендердің батасын алды.
Балалар ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнайды. Балабақшада "Ұлыстың Ұлы күніне" арналған мереке ерекше қуанышты өтті.
Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбір шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!
View the embedded image gallery online at:
https://sad4aktau.edu.kz/kk/zdi-me-tep-e-dejingi-jym-2022/mere-eler-zhane-jyn-s-uyk/nauryz-zhyl-basy.html#sigProId51b338351c
https://sad4aktau.edu.kz/kk/zdi-me-tep-e-dejingi-jym-2022/mere-eler-zhane-jyn-s-uyk/nauryz-zhyl-basy.html#sigProId51b338351c