1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай бөбекжайда «Бірлік - бақыттың бастауы» тақырыбында мерекелік іс – шара өтті.  Мерекеде тәрбиешілер әртүрлі кейіпкердің рөлін ойнады. Балалар мерекелік іс - шара барысында әндерін айтып, билерін биледі. Балалармен қызықты ойындар ойналды. 

Мерекелік іс-шарадан соң балалармен «Әлем балалар көзімен»тақырыбында асфальтта сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Балалар салған суреттерін әңгімелеп берді.

1 маусым - Балаларды қорғану күніне орай бөбекжайда тағы да бір іс-шара ұйымдастырылды. Ол мектепалды даярлық топ балаларымен өткізілген Көңілді старт спорттық ойыны. «Көңілді старт» бағдарламасы өте мазмұнды болды. Аталмыш шараның мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, қозғалыс әрекеттерін дамыту және физикалық қабілеттерін одан әрі қарай жетілдіріп дамыту.

Толығырақ