«№4 «Аққу» балабақшасы» МКҚК 2019-2020 оқу жылында оқу жылын жақсы жетістіктермен аяқтады. Биылғы оқу жылының жетістіктері:
1. 2019 жылдың қараша айында өткізілген «Менің Қазақстаным!» қалалық сырттай мәнерлеп оқу байқауына балабақша тәрбиеленушісі Нурмакова Амира қатысып, ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.
2. 2019 жылы қалалық «Табиғатпен үндес балабақша – 2019» байқауынан ІІ орынды иеленді.
3. 2019 жылы «Мектепке дейінгі ұйымдардың ең үздік стратегиялық жоспары» байқауынан ІІ орынды иеленді.
4. Жас маман Узакбаева Калбике Жалгасбаевна, қалалық "Жас маман – 2020" байқауына қатысып, "Ынталандыру" марапатына ие болды
иеленді.
5. 2020 жылы 28 ақпан айында Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының ұйымдастыруымен балабақшада «Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалану арқылы педагогикалық үрдісті жаңаландырудағы жолдары» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылып өткізілді
6. Наурыз айында өткізілген қалалық «Ханталапай» интеллектуалдық сырттай байқауына ән-саз жетекшісі Шарланова Анар Каримовна қатысып, ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.
7. 2020 жылы «Үздік жыл тәрбиешісі – 2020» қалалық сырттай байқауына жоғары санатты тәрбиеші Фёдорова Элла Викторовна қатысып, І орынға ие болды
8. Облыстық «Үздік жыл тәрбиешісі – 2020» сырттай байқауына жоғары санатты тәрбиеші Фёдорова Элла Викторовна қатысып, І орынды жеңіп алды
9. 2020 жылы қалалық «Үздік жыл педагогі – 2020» сырттай байқауында Базарбаева Жанар Ислямовна Бас жүлдеге ие болды. Облыстық «Үздік жыл педагогі – 2020» сырттай байқауына жолдама алды.
10. 2020 жылы қалалық «Табиғатпен үндес балабақша – 2020» байқауынан балабақшамыз І орын алды.
11. 2020 жылы облыстық «Табиғатпен үндес балабақша – 2020» байқауынан Ынталандыру Дипломына ие болды
12. 2020 жылы мамыр айында музыка жетекшісі Шарланова Анар Каримовна «Ұлы Жеңіске шашу!» қалалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен сырттай өткізілген байқауына қатысып, ынталандыру марапатын алды
13. Балабақша директоры Нурмуханова Мереке Турсыновна Қазақстан
Педагогтер қауымдастығы Төралқасының шешімімен ұрпақ тәрбиесі мен еліміздің білім беру ісіне қосқан елеулі үлесі үшін «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ» төсбелгісімен марапатталды .
14. Балабақша әдіскері Оразбекова Балзия Жусипхановна Қазақстан
Педагогтар қауымдастығының Төралқасының шешімімен ұрпақ тәрбиесі мен еліміздің білім беру ісіне қосқан елеулі үлесі үшін «Ы. АЛТЫНСАРИН» төсбелгісімен марапатталды
15. Балабақша әдіскері Баймуханова Жания Карловна Қазақстан
Педагогтер қауымдастығы Төралқасының шешімімен қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына және педагогика саласының өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталды
16. Балабақшаның ағылшын тілі пәні мұғалімі Базарбаева Жанар Ислямовна Қазақстан педагогтер қауымдастығы Төралқасының шешімімен қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына және педагогика саласының өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталды
2019-2020 оқу жылының мамыр айындағы қорытынды педкеңесінің шешімімен «№4 «Аққу» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2019-2020 оқу жылында атқарған оқу тәрбие іс-шаралары «жақсы» деп бағаланды.