Енді санаулы күннен кейін, қоян жылын да тарих қойнауына аттандырамыз. Жаңа жылдың табалдырығын аттамас бұрын, өткен күндерді ой елегінен өткізбеу мүмкін емес.
Олай болса, бүгін 2023 жылғы жетістіктерімізді, педагогтеріміздің қандай табысқа қол жеткізгенін бір шолып шығайық.
 
Биыл өткізілген байқаулардан педагогтер мен тәрбиеленушілеріміз Республикадан - 1,  облыстан - 6, қаладан - 12 жетістіктерге қол жеткізіп, жалпы есепте 19-орынды иеленгені осы жылдың басты жаңалығы десек артық айтқанымыз емес. 
 
Сонымен қатар республикалық, облыстық және қалалық шараларды жалпы қосқанда 12 шара өткізілген, оның ішінде семинарлар, вебинарлар, шебер-сынып, әдістемелік қолдау да көрсетілді. 
 
Биыл 1 әдістемелік нұсқаулық шығарылып, бекітілді. 
 
2023 жылы бөбекжайымыз құзыреттілік орталық болып бекітілді. Осыған орай бөбекжайдың материалдық-техникалық базасы жаңа материалдармен толықтырылды. Оның ішінде «сөйлейтін қабырғаларға» арналған бизибордтар, тақталар, дене шынықтыру аймағына жұмсақ матылар, өрмелеу текшелері, ірі моториканы дамытуға арналған құрастыру ойыншықтары, «Жеті ойыншық» жобасының құрастырмалы киіз үйлері, домбыралары, оюлары сатып алынды.
 
Міне, осылайша 2023 жылды сәтті аяқтадық деп нық сеніммен айта аламыз.