25.12.2021 ж. балабақшамызда ZOOM платформасында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Балабақша директоры М.Т. Нурмуханова жалпы ата-аналар жиналысын алғы сөзбен бастады. Ата-аналарға балабақша туралы мәлімет беріп, жиналыстың күн тәртібімен таныстырып өтті.
1. Бірінші сұрақ бойынша балалардың оқыту-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру бойынша жүргізілген жұмысының қорытындысы бойынша айтып өтті. (слайд-презентация)
2021-2022 оқу жылында жылдық жоспар құрылып, перспективтік жоспар бекітіліп және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатынын, стандартқа сәйкес оқу қызметінің кестесі бекітіліп, жылдық жоспарға сәйкес педагогикалық кеңес, семинарлар, педагогтарға арналған кеңестер жүргізілетінін және тәрбиенушілермен педагогтардың жеткен жетістіктері туралы айтып өтті.
2. Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша биылғы оқу жылында балабақша бюджетінің орындалуы және қаражаттың жұмсалуы бойынша есебімен тоқталып өтті. Есеп барысында білім мекемесінің қаржылық іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. Сонымен қатар балабақша директорының бұйрығымен биыл балабақшада Комплаенс қызметі құрылғанын, Комплаенс қызметін атқару әдіскер Ж.К. Баймухановаға жүктелгенін айтып өтті. Қызметтің негізгі мақсаты Комплаенс бағдарламасын ендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі саясатты айқындау, сондай-ақ балабақшадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша іс-шаралардың іске асырылуына бақылау жасау болып табылады.
Жалпы ата –аналар жиналысының соныңда әкімшілікке ата-аналар тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, мәселелер толық қарастырылды.