Консультативтік пунктінің жұмыс жоспары мен жұмыс кестесі бекітілді.

2025 жылдың қыркүйек айында 4 отбасы арналған    консультативтік пункт қызметіне жүгінді.

Консультативтік пунктінің жұмыс жоспарына сәйкес:

  • Қыркүйек айында бөбекжай әдіскерлері Баймуханова Ж.К., Орунбай И.И. «Ерте жастағы балаларды МДҰ жағдайларына бейімдеу» тақырыбында кеңес берді.

Ерте жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымға бейімдеу – баланың эмоциялық жағдайына, тұлғалық дамуына және әлеуметтенуіне тікелей әсер ететін маңызды кезең. Жаңа орта, жаңа адамдар, жаңа талаптар бала үшін стресс көзі болып табылатындықтан, бейімделу процесін педагогтар мен ата- аналар бірлесе жұмсақ әрі тиімді жүргізуі қажет.

Осы мақсатта қыркүйек айында ата – аналарға психологиялық – педагогикалық көмек көрсету, балалардың жеке даму ерекшеліктерін анықтап, МДҰ жағдайларына оңтайлы бейімделуін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарды.

Міндеттер:

  • Балалардың психологиялық дайындығын анықтау және қолдау;
  • Ата – аналарды бейімделу кезеңінің ерекшеліктерімен таныстыру;
  • МДҰ-да балаға жайлы орта қалыптастыру;
  • Бейімделу қиындықтарын түзету бойынша практикалық ұсыныстар беру;
  • Тәрбиешілер, психолог және    ата   –    аналар   арасындағы   өзара әрекеттестікті күшейту.

Ата – аналармен жүргізілген жұмыстар:

  • Психологиялық диагностика және бақылау.

Бейімделу    кезеңінің    басында    балалардың    даму   деңгейі,    эмоциялық тұрақтылығы, мінез-құлық реакциялары анықталды.

Психолог тарапынан келесі әдістер қолданылды:

  • эмоционалдық жағдайды анықтау картасы;
  • баланың жаңа ортаға реакциясын бақылау;

Диагностикалық нәтижелер бойынша балалар шартты түрде:

  • жоғары бейімделу,
  • орташа бейімделу,
  • төмен бейімделу топтарына бөлінді.

 

2.     Ата-аналармен жұмыс.

Ата – аналар консультативтік пункт жұмысының негізгі серіктестері болып табылады. Осы бағытта:

  • Бейімделу кезеңіндегі күн режимін айтып, бейімделу сипаты неге байланысты туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
  • «Баланы мектепке дейінгі мекемеге бейімдеу кезінде ата – аналарға қалай әрекет ету керек» кеңес берілді.

Ата-аналардың белсенді қатысуы бейімделу нәтижелеріне оң әсер етті.

3.     Балалармен түзету-дамыту жұмыстары.

Бейімделуді   жеңілдету   мақсатында   педагог-психолог   пен   тәрбиешілер бірлесіп:

  • топқа біртіндеп кіргізу (“қысқа уақыттан толық күнге көшу” әдісі);
  • эмоционалдық жайлылық қалыптастыру ойындары;
  • топтық қарым-қатынас дағдыларын дамыту ойындары;
  • моторикалық және сенсорлық дамытушы жаттығулар;
  • бірге ән айту,   қимылды   ойындар,   шығармашылық   тапсырмалар ұйымдастырды.

Балалардың мінез – құлық динамикасы күнделікті бақылау күнделігіне жазылып отырды.

4.     Жұмыс нәтижелері.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде:

  • Балалардың 80 – 90%-ы 2 – 3 апта ішінде топқа бейімделді;
  • 10–15% балаларда ұзартылған бейімделу (4–5 апта) байқалды, оларға жеке бағдарлама әзірленді;
  • Ата-аналардың МДҰ жұмысына   сенімі    артты,   тәрбиешілермен байланысы нығайды;
  • Балалардың жылау, қорқыныш,   мазасыздық   деңгейі   айтарлықтай төмендеді;
  • Күн тәртібіне (тамақтану, ұйқы, ойын, серуен) бейімделу жылдамдады; Коммуникативтік дағдылар: бір-бірімен сөйлесу, ойыншықтармен кезекпен ойнау, тәрбиешімен байланыс орнату жақсарды.

5.     Кездестірілген қиындықтар

  • Кейбір балаларда ажырау қорқынышының ұзақ сақталуы;
  • Ата-аналардың алаңдаушылығының балаға берілуі;
  • Үйдегі және балабақшадағы күн тәртібінің сәйкес келмеуі;
  • Бірқатар балалардың сөйлеу тілінің жеткіліксіз дамуы.

6.   Шешу жолдары және ұсыныстар

  • Әр балаға жеке бейімдеу жоспарын құруды жалғастыру;
  • Ата-аналармен психологиялық кеңес беруді күшейту;
  • Үй жағдайында сақталатын бірдей режим бойынша ұсыныстар беру;
  • Тәрбиешілерге кәсіби қолдау көрсету (тәжірибе алмасу, әдістемелік кеңестер);
  • Балаға арналған “жайлы адаптация” бұрыштарын ұйымдастыру (тыныш аймақ, сенсорлық ойындар).

 

Консультативтік пункттің атқарған жұмыстары ерте жастағы балалардың МДҰ жағдайларына табысты бейімделуін қамтамасыз етті. Жүйелі диагностика, ата – аналармен тиімді серіктестік, түзету – дамыту жұмыстары бейімделу процесінің сапасын арттырды. Ата – аналардың педагогикалық мәдениеті жоғарылап, балалардың жаңа ортаға деген қызығушылығы мен сенімділігі күшейді.

Жалпы алғанда, консультативтік пункт жұмысы жылдық жоспарға сәйкес толық орындалды және өз нәтижесін берді.