Ағымдағы жылдың 4-7 наурыз күндері аралығында бөбекжайымызда Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгіліктер өтті. 8 наурыз мерекесі – бүлдіршіндерге өз өнерлерін көрсетіп, жақындарын қуанту үшін берілген тамаша мүмкіндік. Балалар ән айтып, ана мен әже туралы тақпақтар оқыды, би билеп, әр түрлі ойындар ойнады. Мереке Аққу бөбекжайының тыныс-тіршілігіне көктемнің нұрлы шуақ пен риясыз қуаныш атмосферасын сыйға тартқаны сөзсіз.