шебер сынып 2023 жылдың 10 ақпан күні бөбекжайымызда қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» тақырыбында шебер сынып өткізілді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша №4  «Аққу» бөбекжайының директоры Нурмуханова Мереке Турсыновна сөз алды. Өз сөзінде, қалалық шебер сыныптың мақсаты мектепке дейінгі мекеме педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып отырғанын, сонымен қатар бағдарламамен таныстырды. 

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша №4  «Аққу» бөбекжайының әдіскері Баймуханова Жания Карловна тыңдалды. Жаңа бағдарламаға сай заттық-кеңістікті дамытушы ортаның ұйымдастырылуы, топты баланың қызығушылығына қарай аймақтарға бөлу жөнінде айтты.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша  №4  «Аққу» бөбекжайының әдіскері Орунбай Илия Исағалықызы тыңдалды. Ecers-3 шкалаларын қолдана отырып, мектепке дейінгі білім беру ортасының сапасын бағалау жөнінде айтты. 

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша  №4  «Аққу» бөбекжайының  тәрбиешілері Кушмагамбетова Бибигул Исембаевна, Калимбетова Илия Тулеповна(пилоттық жобаға қатысқан тәрбиешілер) мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагогтің жұмысын ұйымдастыру жөнінде айтты.

Шебер сынып соңында музыка жетекшісі Шарланова Анар Каримовна келген педагогтерді нейроқасықтармен таныстырып, педагогтермен бірге екі әуенді нейроқасықтар арқылы ойнап шықты.