Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен қалалық «Анам, әжем және мен» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда «Аналар мектебі», «Әжелер мектебін» ұйымдастыру бойынша озат тәжірибені жинақтау және тарату.
Байқауға бөбекжайымыздың тәрбиешісі Шадкам Ф.А., тәрбиеленушісі Орынбай Айару, анасы Дурысбаева Гулзада қатысып, «Үздік аналар мектебі» номинациясын жеңіп алды. Байқаудың облыстық кезеңінде «Өнегелі әже, тәрбиелі немере» номинациясын алды.