«№4 «Аққу» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК Консультативтік пункт жұмысы туралы АҚПАРЛАМА

Консультативтік пунктінің жұмыс жоспарына сәйкес:

  • 2025 жылдың қазан айында бөбекжай медбикесі Нуримова А.Қ.

«Баланың денсаулығы біздің қолымызда» тақырыбында кеңес және ұсыныс берді.

Ата – аналарға баланың денсаулығын сақтау, дұрыс тәрбиелеу және жан- жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған кеңестер мен қолдау көрсету мақсатында жұмыстар жүргізді.

Әрбір баланың денсаулығы ең алдымен отбасындағы күтім мен ата-ананың жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан күнделікті өмірде қолдануға болатын маңызды ұсыныстар беріліп отырды.

Ата – аналарға арналған ұсыныстар мен кеңестер

 

1.     Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру

  • Баланың жасына сай теңгерімді тамақтану: көкөніс, жеміс-жидек, ет, сүт өнімдері, дәнді дақылдар.
  • Газдалған сусындар, фастфуд, шамадан тыс тәттіден аулақ болу.
  • Су ішу дағдысын қалыптастыру (күніне 5–7 стакан).

2.     Ұйқы және күн тәртібі

  • Мектепке дейінгі балаларға – 10–12 сағат ұйқы қажет.
  • Тұрақты күн тәртібі баланың психикалық және физикалық дамуын жақсартады.

3.     Дене белсенділігі

  • Күнделікті таза ауада серуендеу (кемінде 1–2 сағат).
  • Жас ерекшелігіне қарай дене жаттығуларына баулу.
  • Экран алдында отыру уақытын шектеу: мектепке дейінгілер үшін – 1 сағаттан аспау.

4.     Гигиена талаптарын сақтау

  • Қолды сабындап жуу әдетін үйрету.
  • Тырнағын, шашын уақытылы алып тұру.
  • Жеке заттарды (тарақ,  орамал,   тіс   щеткасы)   ортақ   қолданбауды түсіндіру.

5.     Психологиялық жайлылық

  • Баламен жылы сөйлесу, оны тыңдау, сезімін қабылдау.
  • Үйде достық атмосфера құру.
  • Баланың жетістігін мадақтап, қолдау көрсету.

6.     Иммунитетті күшейту

  • Уақытылы вакцинациядан өткізу.
  • Маусымдық аурулардың алдын алу: дұрыс тамақ, белсенділік, таза ауа.

 

  • Суық тиюден қорғау және ауру белгілері байқалса, дер кезінде дәрігерге жүгіну.

7.     Қауіпсіздік ережелері

  • Үйдегі қауіпті заттарды  (дәрі,  өткір  құрал,  химиялық  сұйықтық) қолжетпес жерде сақтау.
  • Жолда жүру ережелерін түсіндіру.
  • Электрондық құрылғыларды қауіпсіз     пайдалану     мәдениетін қалыптастыру.

Баланың денсаулығы – ата – ананың назарында. Сіздердің қамқорлықтарыңыз, сүйіспеншіліктеріңіз және күнделікті дұрыс ұйымдастырылған тәрбие бала болашағының берік негізі болып табылады.

Консультативтік пункт мамандары сіздерге әрқашан көмек көрсетуге дайын.