Балабақшамызда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «30 тамыз – Конституция» күніне орай «Ата заңым - айбыным» атты мерекелік шара аталып өтті.
Азаттығымызды айқындайтын, Тәуелсіздігімізді паш ететін, Егеменді ел екенімізді танытатын Ата заңның барлығымыз үшін қасиетті екенін осы шара барысында бүлдіршіндер тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар Ата заң туралы тақпақтар айтып, берілген тақырып аясындағы сұрақтарға тиісінше жауап берді. Сондай-ақ, балалар би биледі, ән де салды.
Әрбір азаматтың конституциялық құқығын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы - Ата заңымыздың ғұмыры ұзақ болсын дей отырып, барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтаймыз!