Бөбекжайымыздың тәрбиеленушісі Мұрат Марфуға «Қазақ ұлттық ертегісі» байқауының қалалық кезеңінде 1 орынды иеленді! Байқауда Марфуға тобындағы достарымен бірге «Қарлығаш мен дәуіт» қазақ халық ертегісін көлеңке театры арқылы көрсетті. Балаларды эмоциялық тұрғыдан дамыту үшін бізде «көлеңке театры» жұмыс істейді. Бұл әдіс балалардың әртістік қабілеттерін дамытады, олардың өз-өздеріне деген сенімділікті арттырады.
Байқаудың облыстық кезеңінде Марфуға «Әртістік дарыны үшін» номинациясымен марапатталды.
Дайындаған №4 МАД тобының тәрбиешісі Кушмагамбетова Бибигул Исембаевна.