Мерекенің мақсаты: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тақпақтар, өлең айтқызып тілдерін дамыту, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Менің тәуелсіз Қазақстаным!» атты мерекелік шараға мектепалды даярлық топ бүлдіршіндері қатысып ертеңгілік өткізді. Басқа топтарда тақырыптық ұйысдастырылған іс-әрекеттері өтті. Балалар бұл шараларға  белсенділік көрсетті. Олар ҚР мемлекеттік рәміздері мен авторларын атап, Қазақастан туралы тақпақтар айтты. Ән шырқап, би биеледі.  Мереке балалар үшін өте көңілді және қызықты болып өтті.