Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу әдістемелік орталығының» қауымдастық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 12 мамыры күні қаланың жекеменшік бөбекжайларының педагогтеріне арналған семинар өткіздік. Семинар тақырыбы: «Мектепке дейінгі мекемеде заттық дамытушы ортаны қалыптастыру тәсілдері».
16 мамыры күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институтының курс қатысушыларына арналған «Мектепке дейінгі ұйымда заттық дамытушы орта арқылы ойындар ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткіздік.
Екі семинардың да мақсаты: мектепке дейінгі ұйымда заттық кеңістіктік дамытушы ортада баланың қызығушылығына қарай әртүрлі ойындар ұйымдастыру.
Баланы жан-жақты дамытудың тиімді жолдарының бірі, бала қабілетін арттыратын қолайлы заттық кеңістік дамытушы ортасын ұйымдастыру, құру болып табылады.
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – балаға заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын, өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар ортаның болуы.