1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде, алғашқы сайлау өтіп, онда басым дауыспен Назарбаев Н.Ә. жеңіске жеткен болатын. Осы атаулы дата Елбасы күні ретінде тойланып келе жатыр. Бұл мейрам балабақшамызда да кең ауқымда аталып өтті. Балабақшаның ән-саз залында мереке иесінің құрметіне мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, балалар өз өнерлерін көрсетті.