1 қыркүйек күні балабақшамызда Білім күні аталып өтті. Мерекелік шараны балабақша директоры Нурмуханова Мереке Тұрсынқызы құттықтау сөзімен ашып берді.
Мерекеге орай бүлдіршіндерді құттықтауға сайқымазақ Бим мен қуыршақ Лол келді. Мереке барысында өлендер оқылып, ән шырқалды, ойындар ойналды. Мереке өз деңгейінде өтті.
Мерекелік шараны ұйымдастырған музыка жетекшісі Шарланова Анар Каримовнаға алғыс білдіреміз!