Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №4 «Аққу» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК хореограф маманының бос лауазымына тағайындауға ашық конкурс жариялайды.
Мекен жайымыз: Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 38 ғимарат.
Байланыс номері 50-58-68,
эл.пошта //e.mail.ru/compose?To=Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.">Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Конкурс: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021ж. №432 бірлескен бұйрығы өткізіледі.
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асырады.
Конкурс кезеңдері:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;
3)үміткерлердің құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;
4) конкурстық комиссияның отырысы.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны: білім беру ұйымдарының интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде;
Бос лауазымдарға орналасуға құжаттар Маңғыстау облысының Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №4 «Аққу» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК, 2 ш/а, 38 ғим. және //e.mail.ru/compose?To=Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.">Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық пошта арқылы қабылданады. Түіндемені Enbek.kz порталы арқылы жібере алады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
Лауазымдық міндеттері. Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: хореограф қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, қозғалыс, көркемөнер және т.б.) жетекшілік етеді.
Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық жағынан қарайды.
Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті жақсы меңгереді.
Лауазымдық жалақының мөлшері хореографтың еңбек өтіліне, біліміне, санатына байланысты.
Хореографтың еңбекақысы: орта-арнаулы білім – 100000–120000 теңге (біліктілік санатынсыз (педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші).
Хореографтың еңбекақысы: жоғары білім – 120000–150000 теңге (біліктілік санатынсыз (педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығыменбекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; наркологиялық ұйымнан анықтама;
8)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
9) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған қызметті көрсету үшін қажетті деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайларда қызметті көрсетуден бас тартады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары және электрондық мекен жайы:
8(7292) 50-58-68;
электрондық адресі Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
Түіндемені Enbek.kz порталы арқылы жіберу.
Enbek.kz порталы арқылы 2023-2024 оқу жылына қажетті мамандар: 3 тәрбиеші қабылданды.