Балабақшаның жылдық жоспарына сәйкес, күннің ІІ жартысындағы вариативтік компонеттің бір түрі - «Интеллектум» бұрышындағы оқу қызметі. Мұнда интеллектуалдық ойындардың бірнеше түрі бар.
«Геометрик» ойыны - баланы жан-жақты дамытуға арналған өте пайдалы ойын:
- «бірдей-әр түрлі», «бірдей», «ұқсас», «сәйкес келеді - сәйкес келмейді» ұғымдарымен таныстырады;
- салыстыру, талдау, жіктеу, сұрыптау қабілеттерін жандандырады;
- жадын дамытады;
- фигураларды белгілері бойынша ажыратуға үйретеді;
- кеңістікте бағдарлауға үйретеді;
- ұсақ қол моторикасын, ептілігін дамытады.