16.05.2024 күні «Аналар мектебінің» жұмыс жоспарына сәйкес бөбекжайда аналардың қатысуымен «Көңілді старт» спорттық жарыс өтті. Жарысқа әр топтан аналар қатысып, белсенділік танытты. Жарыс белдеме, секірме, доп, парашютпен ойнау секілді түрлі қызықты әрі тартысты кезеңдерден тұрды. Аналар жарысқа аса қызығушылықпен қатысты. Жарыс соңында қатысушыларға бөбекжай директорының атынан грамоталар табысталды.