«Балалар жылы - 2022» аясында ағымдағы жылдың 4 тамызында Ақтау қаласы әкімдігі мен Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйыдастыруымен бөбекжайымызда «Көңілді старт» спорттық іс-шарасы өтті.
Бұл шараға тәрбиеленушілерімізден 1 команда және қаламыздың №19 «Толағай» бөбекжайы мен №43 «Батыр» бөбекжайының бүлдіршіндер командалары қатысып, жарысты. Жарыс қорытындысы бойынша №4 «Аққу» бөбекжайы - 1 орынды, №43 «Батыр» бөбекжайы - 2 орынды, №19 «Толағай» бөбекжайы - 3 орынды иеленді. Мереке өте көңілді және қызықты өтті. Бөбекжайымыздың өнерлі бүлдіршіндері ән салып, би билеп мерекеге өз үлестерін қосты.
Шара соңында Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Валентина Зайцева шараға қатысушы барлық бүлдіршіндерге мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтарын табыстады.
https://sad4aktau.edu.kz/kk/zh-lykt-r/k-ld-start.html#sigProIdfde48d09b6