Ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсан күндері Ақтау қаласының 60 жылдығы аясында қаланың мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлері арасында флорбол (хоккей) жарысы өтті. Оған Ақтау қаласының жиырма мектепке дейінгі ұйымы қатысты. Аталған жарыстың  қорытындысы бойынша 20 балабақшаның ішінде біздің балабақша 2 екінші орынды иеленді. Балабақша атынан қатысқан дене шынықтыру нұсқаушысы Амантайқызы Гүлімге, музыка жетекшісі Шарланова Анар Каримовнаға, тәрбиеші Дурысбаева Гульзада Бегалиевнаға, асхана қызметкері Кокебай Джамиля Бастыбаевнаға ұжым атынан үлкен алғыс білдіреміз! Жарайсыңдар, қыздар! Балабақша абыройы асқақтай берсін!