Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай бөбекжай жоспарына сәйкес «Менің елім - Қазақстаным» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.

Мақсаты - еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақтың тілін дамытып, сөздік қорын молайту және есте сақтау қабілеттерін арттыру. Өлеңді жаттап, мәнерлеп айта білуге үйрету. Туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. Сонымен қатар бұл шара Тәуелсіздік туралы білімін кеңейте отырып, өз еліне қызмет ететін білімді, жан - жақты дамыған, батыл, намысты патриоттар дайындау мақсатында қолға алынды.

Байқауға №2 «Бүлдіршін» ересек тобының тәрбиеленушісі Мырзалы Айша, №3 «Балдырған» ересек тобының тәрбиеленушісі Рашидова Лейла, №4 «Балбұлақ»МАД тобының тәрбиеленушісі Ибрагим Ақжүрек,  №9 «Балбұлақ»МАД тобының тәрбиеленушісі Байрамова Эсмира қатысты.

Шара барысында бүлдіршіндер ережеге сәйкес туған елі Қазақстанға арналған өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқыды.

Шара соңында қатысушылар дипломдармен марапатталды.