Ағымдағы жылдың 23 ақпаны күні бөбекжайда «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының инновациялық даму кеңістігіндегі бала еркіндігінің рөлі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар инновациялық режимде жұмыс істегісі келетін барлық балабақшаға консультациялық-әдістемелік қолдау көрсетілетін «Өсу нүктесі» құзыреттілік орталығының ашылуымен басталды. Аталған орталықтың кеңістігінде балаларға бір уақытта бір-біріне кедергі жасамай, әртүрлі іс-әрекеттермен еркін айналысуға мүмкіндік беретіндей қылып, заттық дамытушы орта құрылған.
Әрі қарай ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді. Алдымен бөбекжай тәрбиешісі Нураддинова Хадижат Алиполадовна «Удивительная Африка» тақырыбында Квест-ойын форматында ересектер тобымен ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. Одан кейін музыка жетекшісі Шарланова Анар Каримовна мен тәрбиеші Шадкам Фереште Абдолсаттарқызы ересек жас тобында «Жеті лақ» ертегісінің желісі бойынша заманауи бағытта Орф-педагогика әдісімен ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. Үшінші ұйымдастырылған іс-әрекет «Өсу нүктесі» кабинетінде өткізілді. Тәрбиешілер Каратаева Малика Мамиржановна мен Нагдалиева Татьяна Кузьминична «Космический полет на луну» тақырыбында заттық дамытушы аймақтарында мектепалды даярлық тобымен ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. Балалар зертхана және STEM роботехника аймақтарында қызықты зерттеулер мен бастапқы бағдарламалау тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында бөбекжай психологтары Нурмуханова Мереке Турсыновна мен Жұбанова Назерке Дүйсенбайқызы семинарға қатысушы педагогтермен «Тиімді кері байланыс» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында педагогтер қызықты ойындар ойнап, өкізілген семинар туралы өз пікірлерін ойын түрінде жеткізді.
Семинардың қорытындылау бөлімінде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің әдіскері Тулеуғалиева Гүлайым Бектұрқызы бөбекжай педагогтеріне жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинар үшін алғысын білдіріп, сертификаттарын табыстады.
https://sad4aktau.edu.kz/kk/zh-lykt-r/oblysty-seminar-2.html#sigProId5711e54801