17.02.23 күні бөбекжайымызда «Мектеп жасына дейінгі балаларды заттық
дамытушы орта арқылы әлеуметтендіру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты: мектеп жасына дейінгі баланың үйлесімді дамуы мен тəрбиеленуінде үлкен рөл атқаратын заттық - кеңістік ортада дамытушы ойындарды ұйымдастыру. Бала бойында балабақшаға деген жағымды эмоционалды қарым - қатынас қалыптастыру, білім бере отырып жаңа əсерлермен байыту, мектепке дейінгі балалардың зияткерлік жəне əлеуметтік дағдыларын, белсенді шығармашылық əрекетін дамыту.
Семинарда төрт топта ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетілді. Олар: №1 орта жас тобында Ф.А. Шадкам мен Г.Б. Дурысбаеваның ұйымдастыруымен «Ертегіде қонақта» тақырыбындағы, №4 МАД тобында Б.И. Кушмагамбетова мен И.Т. Калимбетованың ұйымдастыруымен «Ұлттық тәрбие - ұлағат көзі» тақырыбындағы, №8 МАД орыс тобында М.М. Каратаева мен Ж.И. Базарбаеваның ұйымдастыруымен «Интересный подводный мир» тақырыбындағы, №9 МАД орыс тобында Х.А. Нураддинова, Ә.С. Зинеденова және О.Т. Халипаеваның ұйымдастыруымен «Учимся, играя» тақырыбындағы іс-әрекеттер.
Семинардың соңында бөбекжай директоры М.Т. Нурмуханова мен музыка жетекшісі А.К. Шарланова педагогтерге арналған «Орф-педагогика әдісін мектепке дейінгі ұйымдарда қолдану» тақырыбында мастер-класс өткізді.
Облыс бойынша қалалар мен райондардан келген қатысушылар семинарды өте жақсы деп бағалап кетті.