2023 жылдың 23-26 мамыры аралығында мектепалды даярлық топтарда балабақшамен қоштасу ертеңгіліктері өтті. Ертеңгіліктерге ата-аналар белсене ат салысты. Балалар тақырыпқа сай би билеп, тақпақтар айтып, ән шырқап көрерменді таң қалдырды. Балабақша түлектерінен құрылған ансамбльдің орындауындағы аспаптық жанр үлкен қошеметке ие болып, ата - аналар музыка жетекшісі А.К. Шарлановаға ризашылықтарын білдірді. Бөбекжайымыздың директоры Нурмуханова Мереке Турсыновна бөбекжайдың қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан ата-аналарға рахметін айтып, алғыс хатпен мадақтады. Мереке соңында балалардың ата-аналары ізгі тілектерін білдірді. Тәрбиеленушілерімізге болашақта тек қана ақ жол тілейміз!