2024 жылдың 14 наурыз айында Амал мерекесін және 22 наурыз Әз Наурыз мерекесін бөбекжайымыздағы барлық топтар ертеңгілік шараларын өткізді.
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет – ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Наурыз – көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады.Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат – салт – дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл – бала тәрбиесіндегі басты қағида. Бөбекжайымызда Наурыз мерекесі 14 наурыздан бастап тойланды. Үлкен – кіші, кәрі – жас бір-бірімен арқа – жарқа көрісіп, мәре – сәре болды.
Бөбекжайымыздың кішкентай бүлдіршіндері өю – өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын киімдерді киіп, «Қамажай», «Адай» биін билеп, ән салып, ұлттық ойындар «Ханталпай», «Қыз қуу», «Тақия тастамақ», «Теңге алудан» өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды.
https://sad4aktau.edu.kz/kk/zh-lykt-r/osh-keld-z-nauryz.html#sigProIdc273adc650