Ағымдағы жылдың 21-23 қазан күндері бөбекжайда Республика күніне арналған мерекелік шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – балаларға еліміздің Тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беру, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру және туған жерге деген мақтаныш сезімін ояту болды.
Мерекелік бағдарлама барысында тәрбиеленушілер патриоттық әндер шырқап, би билеп, тақпақтар оқыды. Сонымен қатар, көріністер мен ойындар ұйымдастырылды.
Шара балалар мен ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, елімізге деген сүйіспеншілікті арттырды.











