01.10.2020ж. №9 "Айгөлек" мектепалды даярлық тобында "Каспий теңізінің қарақшылары" атты спорттық мерекесі өтті.

Топ тәрбиеленуші – қатысушылары керемет саяхатқа аттанды. Олар қазына іздеді, ал жолда түрлі кедергілер кездесті.   Балалар барлық сынақтардан қуана өтті, мереке көңілді, қызықты өтті.  Жанкүйерлер командаларды белсенді қолдады, ал жарыстар арасындағы үзілістерде балалар би билеп, ән айтты. Қатысушылар өздерінің ептілігін, күшін, жылдамдығын, тапқырлығы мен ұйымшылдығын көрсете білді.

Іс - шараны дайындаған және өткізген: дене тәрбиесі жетекшілері – Жаркова А. В., Амантайқызы Г. және топ тәрбиешісі  Федорова Э. В.