«Әкелер мектебінің» жұмыс жоспарына сәйкес бөбекжайда «Джек Воробейдің қазынасы» тақырыбында спорттық шара өтті. Шараның мақсаты— әке мен балаларды бір мақсатқа жұмылдыру, отбасындағы береке-бірлікті нығайту.
Балалар біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Оларға мейілінше мейірім төгіп, тәлімді тәрбие берсең, тұлға боп қалыптасары анық. Спорттық шараның да көздегені осы. Балаларға отбасының, ондағы әке ұлағатының маңызын жеткізу.