2024 жылдың 5 қыркүйегі күні Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай бөбекжайда «Тілім менің тірегім!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Бұл іс-шараны ұйымдастырушылар Тілдер күнінің құндылығы мен маңыздылығын айтып өтті. Бөбекжай шаңырағының астында ұлты өзге педагогтер мен балалар бірге оқып, үйреніп, еңбек етуде. Өнерлі кішкентай бүлдіршіндер түрлі ұлттың өлеңдерін, билерін орындады. Олардың көрнекі киімдері, орындаушылық шеберліктері қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлады.
- Шаңырақ дегеніміз - ол Қазақстанда тұратын халықтарының бір үйі. Егер шаңырақ бір үйіміз болып табылса, біз берекелі, тату отбасы болуға тиіспіз. Біз әр ұлтты, олардың тілдерін құрметтеуіміз қажет, - деді балаларға арнаған сөзінде бөбекжай әдіскері Илия Исағалықызы.
View the embedded image gallery online at:
https://sad4aktau.edu.kz/kk/zh-lykt-r/t-l-m-men-t-reg-m-3.html#sigProIdeb6b9936e4
https://sad4aktau.edu.kz/kk/zh-lykt-r/t-l-m-men-t-reg-m-3.html#sigProIdeb6b9936e4