Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні бөбекжайда «Тәуелсіздік - тірегім!» атты тақырыптық іс-шаралар өтті.
Балалар Қазақстанның рәміздері туралы білімдерін бекітті, әр халық өз тілі мен мәдениетін дамытатын біздің көпұлтты мемлекетіміз туралы айтып берді.
Іс-шаралардың мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың бойында азаматтық пен патриотизм негіздерін қалыптастыру, өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, халық дәстүрлерін құрметтеу болып табылады.











