2020-2021 оқу жылының 15 желтоқсан күні балабақшамыздың ересек және МАД топтары балаларының арасында «Тәуелсіздік жыр әнім» атты мәнерлеп оқу байқауы және ата-аналар мен балалар жасаған қол өнер бұйымдары мен суреттерден көрме ұйымдастырылды. 

Тәрбиеленушілердің бойындағы шығармашылық қабілетін ұштау, оларды отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға балалар қызығушылықпен қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, барлық қатысушылар «Алғыс хаттармен» марапатталды.