Қалалық форум
2024 жылдың 4 желтоқсаны күні бөбекжайымызда «Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасы негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жаңарту: жаңа бағыт, жаңа көзқарас» тақырыбындағы қалалық форумы аясында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы құзыреттілік орталық қалыптастыру, заттық дамытушы ортаны құру жүйесіндегі сапалы трансформация» тақырыбындағы секция алаңда семинар өткізілді.
Алдымен «Мектепке дейінгі ұйымдардағы құзыреттілік орталықтардың маңызы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге №4 «Аққу» бөбекжайының әдіскері Орунбай И.И. «Робототехника» орталығы, №24 бөбекжайының педагогі Лыморева Светлана Константиновна «Зертхана» орталығы, №37 «Мәншүк» бөбекжайының педагогі Сулейменова У.З. «Таным» орталығы, №32 «Ақшағала» бөбекжайының педагогі Нурумбаева Г.Д. «Коммуникация» орталығы, №43 «Батыр» бөбекжайының педагогі Разбаева Багтлы Борисовна «Шығармашылық» орталығы бойынша ұйымдастырған көрмелерін таныстырды.
Әрі қарай №1 «Балапан» орта жас тобының тәрбиешісі Ережепова К.М., №33 «Әлия» бөбекжайынан қатысқан спикер Каракулова А.С., №19 «Толағай» бөбекжайынан қатысқан спикер Кулсымакова А.Қ., №61 «Сұлтан» бөбекжайынан қатысқан спикер Кансултанова Н.Х. «Ұлт тірегі – ұлттық құндылықтарымыз» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетін, №8 «Ақбота» ересек тобының тәрбиешілері Каратаева М.М., Тлепбергенова А.Ж., №23 «Ақмоншақ» бөбекжайының тәрбиешісі Исабекова А.Б. және ата-ана «Занимательные задания от Фиксиков» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді.
Семинар соңында келген қонақтар арнайы QR-код арқылы сілтемеге өтіп, ұсыныс пікірлерінбілдірді. QR-код арқылы жүктелген деректер бойынша семинар «өте жақсы» деңгейде өткені туралы мәлімет алынды.