25.09.2020 ж. күні балабақшада Zoom қосымшасымен онлайн түрде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Балалардың тәрбиелеу-оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы есеп (слайд презентация).
2. 2020 жылға бөлінген бюджеттік қаражат туралы және бюджеттің орындалуы туралы есеп (слайд презентация).
3. Әр түрлі мәселелер.
Жалпы ата-аналар жиналысының соныңда әкімшілікке ата-аналар тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, мәселелер толық қарастырылды.
Ата-аналар жиналысына қатысушылар бірауыздан төмендегідей шешім қабылдады:
1. Балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру бойынша жұмысы қанағаттанарлық деп есептелсін. Жаңа 2020-2021оқу жылына алға қойылған міндеттерді орындауды жалғастыру.
2. 2020 жылға бөлінген бюджеттік қаржы туралы және жұмсалған бюджет туралы есеп қанағаттанарлық деп есептелсін.