Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 76 жыл толды. Бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Осыған орай, 06.05.2021 ж. барлық топтарда «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында мерекелік ертңгіліктер өткізілді. Мерекеде балалар патриоттық әндер айтып, би билеп, тақпақтар оқыды.
«Игі істер акциясы» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, еңбек ардагері Козлова Анна Семеновнага мерекелік сыйлық тарту етілді.
Атаулы мерекелерді жоғары дәрежеде атап өту –кейінгі ұрпаққа естеліктер жалғасы болып табылмақ.