ҚР Оқу-ағарту Миниистрлігінің 2024 жылдың 18 қыркүйектегі №263 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерінің білім беру процесінде «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында сабақтар енгізу» туралы бұйрығы негізінде жасалған жоспарға сәйкес бөбекжайдың ересек және мектепалды топтарында «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеттер өтті. №3 «Балдырған» мектепалды даярлық тобының ата-анасы, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ардагері Абдурахманов Рамазан  Мамедович келіп, жедел қызметтер жайлы ақпарат беріп, өрт қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Ұйымдастырылған іс-әрекет өте қызықты өтті.