ҚР Оқу-ағарту миниистрлігінің 2024 жылдың 18 қыркүйектегі №263 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерінің білім беру процесінде «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында сабақтар енгізу» туралы бұйрығы негізінде жасалған жоспарға сәйкес бөбекжайдың ересек және мектепалды топтарының білім беру процесіне әдістемелік нұсқаулық бойынша әр айдың бірінші аптасына «Жеке қауіпсіздік» ұйымдастырылған іс-әрекеттері енгізілді.

2025-2026 оқу жылының күз айларында (қыркүйек, қазан, қараша) ересек топтарда «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері», «Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?», «Топтағы қауіпсіз мінез-құлық қағидалары»  тақырыптарында, мектепалды даярлық топтарында  «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері», «Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?», «Ұйымдастырылған іс-әрекет кезіндегі мінез-құлық қағидалары»  тақырыптарында ұйымдастырылған іс-әрекеттер өтті.