Ағымдағы жылдың 5 мамыры күні бөбекжайымызда 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9- мамыр Жеңіс күніне арналған «Желбіре Жеңістің жалауы» мерекелік ертеңгіліктері өтті.
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкендерді сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Мерекеде балалар өз әкелері мен ардагерлерге арнап әскери тақырыпта әндерден поппури айтып, патриоттық өлеңдер оқыды. Би билеп, нейроқасықтармен әскери әуендерді орындады.