17.03.22 1

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Шымырлық пен шеберлік күні» тақырыбында өткен қалалық «Ханталапай» ұлттық ойын байқауында балабақшамыздың №4 МАД тобының балалары жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Жетекшісі Шадкам Фереште Абдолсаттарқызына, әдіскер Орунбай Илия Исағалықызына және музыка жетекшісі Шарланова Анар Каримовнаға алғыс білдіреміз!

09.0.3.22 3

Ағымдағы жылдың 1-5 наурыз аралығында біздің балабақшамызда аналар күніне арналған мерекелік шара барлық топтарда аталып өтті. Әдемі әндер,көңілді билер,қызықты ойындар арқылы балалар өздерінің аналарына,әжелеріне деген махаббаттарын көңілдерін жеткізді. Өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын аналарына табыс етті. Көктем мерекесі өзімен бірге керемет көңіл-күйін, әйел бақытын ала келді. Бұл күнді барлығымыз балалар үшінде, ата-аналар үшінде ерекше әрі көңілді өткізуге тырыстық. Балалар мерекеге келгендерге көктемнің жылы шуақтарымен бірге жақсы көңіл-күй сыйлады. Мерекеге арналған ертеңгіліктер жоғарғы деңгейде өтіп, балабақша директоры Нурмуханова Мереке Турсыновна және ата-аналар осы ертеңгілікті дайындаған музыка жетекшісі Шарланова Анар Каримовнаға және тәрбиешілерге алғыстарын білдірді.

21.02.22 1

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында балабақшамызда «Эксперименттік іс-әрекет арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту» тақырыбында қашықтықтан қалалық вебинар өткізілді. Қалалық вебинарда Нагдалиева Татьяна Кузьминична ортаңғы топта «Любите природу», Кушмагамбетова Бибигул Исембаевна ересек топта «Маңғыстау табиғаты», Тлепбергенова Айнұр Жақсылыққызы «Опыты с молоком» тақырыптарында қоршаған ортамен танысу оқу қызметтерін көрсетті.

Жаңа жыл жақсы жаңалықтармен басталады! Тәрбиеші Нураддинова Хадижат Алиполадовна 1-ші Республикалық «Педагогикалық табыс» педагогикалық байқауында «Педагогикалық эссе» номинациясы бойынша 1-орынға ие болып, медальмен марапатталды. Хадижат Алиполадқызын құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!

25.12.2021 ж. балабақшамызда ZOOM платформасында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Балабақша директоры М.Т. Нурмуханова жалпы ата-аналар жиналысын алғы сөзбен бастады. Ата-аналарға балабақша туралы мәлімет беріп, жиналыстың күн тәртібімен таныстырып өтті.

Қалалық мектепке дейінгі ұйымдардың бейнелеу өнері мамандарына арналған «Біз тәуелсіз елміз» атты сырттай көрме байқауына балабақшамыздың бейнелеу өнері маманы Зинеденова Әсем Сағидоллақызы қатысып, жүлделі 1 бірінші орынды иеленді.

Маңғыстау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен Маңғыстау облысында жұмысшы кадрларды даярлаудың дуальды жүйесін құру жобасын іске асыруға қатысқан кәсіпорындар тәлімгерлері арасындағы «Үздік тәлімгер» байқауында балабақшамыздың тәжірибелі тәрбиешісі Нураддинова Хадижат Алиполадовна «Үздік тәжірибе алаңы» номинациясына ие болды.