1 12 6

13.12.2022 ж. бөбекжайымызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» тақырыбында ересек және мектепке даярлық топтары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Басты мақсат – өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпыазаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту, сондай-ақ талапты бүлдіршіндердің суретшілік өнерін дамытуға және көпшілікке насихаттауға бағытталған болатын. 

08.11.2022 ж. күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоспарына сәйкес бөбекжайымызда «Инновациялық технологиялар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті. Бұл шараға қаламыздың мектепке дейінгі ұйымдарынан 32 педагог қатысты.

1 1029 3

Бөбекжайымызда "КҮЗ - СЫЙЫ" атты табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі өтті. Бұл шара табиғатпен танысу, қоршаған орта туралы білімдерін жинақтау, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар ата-аналарды балабақшадағы тәрбие үрдісіне тарту мақсатында өткізілді. Шараға ата-аналар белсене қатысты, балаларымен бірге табиғи материалдардан ерекше әдемі, ерекше қызықты қолөнер жасады. Осылай ата-аналардың бөбекжай өміріне белсенді қатысуы, олардың үйдегі бірлескен шығармашылық қарым-қатынасы, барлық отбасы мүшелерін біріктіреді, бір-біріне жақын адамдар бір-бірін жақсы көретін, түсінетін және бағалайтын отбасында жақсы қарым-қатынас қалыптасуына ықпал етеді. Баласымен шағармашылық жұмыс жасап, көрмеге қатысқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!


 

1 1023 1

Бөбекжайымыздың жылдық жоспарына сәйкес барлық топта «Алтын күз» мерекелік ертеңгіліктері өтті. Әсем безендірілген сахна, арнайы келген алтын күз ханшайымы бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бүлдіршіндер күз мезгілінде болатын құбылыстарды, ерекшеліктерді ән-жырмен, тақпақтармен, бимен жеткізді. Балалар ертеңгілік бойы өздерін ертегідегідей сезініп, әсерлі көңіл-күйде болды